Ресейде егін ору қиындап кетті
Ресейде биыл жиналған егін көлемі 2025 жылмен салыстырғанда төмен болады деп болжанып отыр. Бұл ең алдымен астық бағасының қымбаттауы мен экспорттың азаюына әкеп соқтыруы мүмкін. Осылайша санкция ауыл шаруашылығына да салқынын тигізе бастады. Оның үстіне елде әлі де бензин тапшылығы шешілген жоқ.
Биылғы жылы жалпы егіс алқабы 83 млн гектардан асты. Дәнді және бұршақты
дақылдар 2,7 млн тоннаға аз жиналады. Барлық 85 өңірге 134 млн тоннаға жуық
астық жеткізілмек. Бұл жанар-жағармайдың жетіспеушілігімен байланысты.
Аркадий Злочевский, Ресей астық одағының президенті:
Бірқатар өңірде өнім көлемі бұдан да төмен болуы мүмкін. Егін жинау науқаны тек 50 пайызға аяқталды, бірақ нәтиже көңіл көншітпейді. Көптеген шаруа қожалықтары техника жоқтығын алға тартып отыр.
Тағы бір мәселе – жұмысшы жетіспеушілігі. Елде еңбек мигранттары күрт
азайғандықтан, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін адам жоқ. Тіпті кей
өңірлер мектеп оқушыларын, студенттер мен аймақтық әкімшіліктердің
қызметкерлерін жұмысқа тартуға мәжбүр.
Арсен Айбатов, шаруа қожалық
директоры:
Оған қоса логистика бұзылды. Бұрынғыдай қажетті техниканы, шикізатты тегін жеткізе алмаймыз. Осы мәселелердің барлығы берілген субсидияға қарамастан өнімділіктің төмендеуіне сеп болды.
Шаруалар бір комбайнға бір ауысымда 300 литр отын қажет дейді, ал жанармай құю
станциясында 100-200 литрден артық сатпайды, тіпті бірқатар аймақта адам басына
20 литрден артық сатылмайды. Сарапшылар астық бағасы биыл 30 пайызға дейін
қымбаттайтынын айтады.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Әлем жаңалықтарына шолу
18.08.2026, 17:13