Басты Жаңалықтар Елімізде егін жинау науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр

Елімізде егін жинау науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр

 Елімізде егін жинау науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр

Қазақстанда биылғы егін жинау науқаны былтырғыға қарағанда екі есе жылдам жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 17 тамыздағы жағдай бойынша 2,6 млн гектар дәнді дақыл жиналды. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,3 млн гектар болған.

Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрады. Сонымен қатар 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Егін жинау қарқынының артуына шаруаларды алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген ресурстарға қолжетімділік, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, тыңайтқыштар мен сапалы тұқымдарды қолдану, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды енгізу әсер етті.

Соңғы үш жылда агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру көлемі жеті еседен астам өсіп, 2023 жылғы 140 млрд теңгеден 2025 жылы 1 трлн теңгеге жетті. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі соңғы екі жылда үш есеге артып, 1,8 млн тоннаға жетті. Биыл бұл көрсеткішті 2,3 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға да басымдық беріліп отыр. 2026 жылы жеңілдікті лизинг бағдарламасына 350 млрд теңге қарастырылған. Жыл басынан бері 7718 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қолдау көрсетілді.

Жаңа өнімді сақтауға арналған астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30,7 млн тоннаны құрайды. Қазіргі таңда лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында 10,7 млн тонна бос сақтау көлемі бар.

Егін жинау жұмыстарының үздіксіз жүруі үшін биыл аграрлық секторға 803 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның 401 мың тоннасы күзгі дала жұмыстарына бағытталған. Негізгі астық егетін өңірлерде шаруалар үшін дизель отынының бағасы литріне 305-310 теңге деңгейінде белгіленді.

Үкіметтің негізгі мақсаты – егіс алқаптарын ұлғайту емес, әр гектардан алынатын өнімділікті арттыру. Осы бағытта заманауи технологияларды енгізу, ресурстарды тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасады.

Толығырақ оқу үшін. 



Бөлісу