«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2027 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жариялайды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2027 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жариялайды.
Байқауға ұсынылатын телехикаялар келесі өзекті тақырыптарды қамтуы тиіс:
• Отбасылық құндылықтар және зерделі ұлт;
• Қала мәдениеті және қарым-қатынас мәдениеті;
• Қарқынды құрылыс және жаңа Қазақстан келбеті;
• «Таза Қазақстан» және жаңа қоғамдық сана;
• Цифрлық мемлекет және нетэтикет;
• Қазақстан азаматы: ел имиджі және жаңа мүмкіндіктері;
• Отандық туризм: елді тану және таныту;
• Спорт және салауатты өмір салты;
• Инклюзия және ерекше қажеттілігі бар адамдардың қоғамдағы өмірі;
• Заманауи қазақстандық ситком.
Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы қажет. Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін serial@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 8 (717) 2 75 71 08.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы