Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
Алматыда Сейфуллин даңғылында бір көліктің жүргізушісі жол бермеген басқа жүргізушіні қуып жетіп, мәжбүрлеп тоқтатқан. Осы жерден жол ережесін бұзып бастады деген сөз. Одан кейін тоқтатқан көліктен шыққан азаматты құлақ-шекеден бір ұрып, есінен тандырып, талдырып кетіп қалған. Бейнежазбаны көрген боларсыздар. Сол тарағанының арқасында да резонанс туды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, күдікті анықталып, ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Азаматтар әлгіні қатаң түрде жауапқа тартып, бас бостандығынан айыру керек деп жазып жатыр.
Себебі қит етсе жұдырық ала жүгіретіні көрініп тұратын, екінші жағынан, жүйкесі тозғандар жолда осылай істейді және көбейді деп есептейді. Ондайларды мәдениетсіз, ашушаң деп сипаттау жұмсақ естіледі.
Айтудан шаршамаймыз, бізде жолдағы апат өте көп. Және олардың 85 пайызы жүргізушілердің кінәсінен. Биылғы алты айдың өзінде 807 адам ажал құшқан...
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы