3. Бір апта ішінде картоп, қырыққабат және алма арзандады
2026 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді.
Апта ішінде картоптың бағасы (-4,2%), ақ қауданды қырыққабат (-1,2%), алма (-1,1%), пияз бен сәбіз (-1%) арзандады. Сондай-ақ қатты және жартылай қатты ірімшіктің бағасы (-0,3%), майлылығы 5-9% сүзбе және тұз (-0,2%), бірінші сұрыпты бидай ұны мен қаймақ (-0,1%) төмендеді.
Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны, рожки, сүйекті сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, жылқы еті, майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейінгі пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт, жұмыртқа және сары майдың бағасы есепті аптада өзгеріссіз қалды.
Өңірлік бөліністе еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы бір апта ішінде Талдықорғанда (-0,7%), Ақтау мен Жезқазғанда (әрқайсысы -0,4%), Петропавлда (-0,3%), Астанада (-0,2%), Қарағанды, Қостанай, Орал, Өскемен және Павлодар қалаларында (-0,1%) төмендеді. Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Семей және Тараз қалаларында баға алдыңғы апта деңгейінде сақталды.
Республика бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 259 теңгені құрады, ал ең төмен баға Павлодарда тіркелді – килограмына 191 теңге.
Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы килограмына 189 теңге болды. Ең төмен бағалар Түркістанда – 142 теңге, Таразда – 152 теңге деңгейінде тіркелді.
Алманың орташа бағасы килограмына 797 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкентте тіркелді – 639 теңге.
Ет өнімдерінің ішінде республика бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы килограмына 3 779 теңгені, тауық етінің бағасы 1 736 теңгені құрады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.
*Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген және 31 атаудағы азық-түлік өнімдерін қамтиды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау-2026: Сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады
14.08.2026, 10:18
Брюссель алаңына гүлден кілем төселді
14.08.2026, 10:06
Рыбакина Швентекке есе жіберді
14.08.2026, 10:05
Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
14.08.2026, 10:04
Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі
14.08.2026, 10:02
Солтүстікке 3 мың адам қоныс аударды
14.08.2026, 09:59
Агроэкспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
14.08.2026, 09:57
Шымкенте жол ережесін бұзып, оны әлеуметтік желіге жүктеген тұрғын қамауға алынды
14.08.2026, 09:56