Қарағанды облысында табиғатқа нұқсан келтірген кәсіпорындарға айыппұл салынды
Қарағанды облысында бірнеше ірі кәсіпорын экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 23 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады. Облыстық Экология департаменті жүргізген тексерулер барысында табиғатты қорғау заңнамасының бірнеше рет бұзылғаны анықталған. Мәселен, Қарағайлы байыту фабрикасында атмосфералық ауаны қорғауға қатысты талаптар ескерілмегені белгілі болды. Кәсіпорынға 9 миллионға жуық айыппұл салынды. Ал «Топар басты тарату электр станциясында» су құрамындағы мұнай өнімдерінің мөлшері нормативтен үш есе жоғары болған. Балқаш мыс балқыту зауытында да жоспардан тыс тексеріс өтіп, заң бұзушылықтар анықталды.
Зейнеп Қоңырбаева, Облыстық Экология департаментінің бас маманы:
Жоспардан тыс тексеріс дегеніміз Е-өтініш арқылы түскен өтініш негізінде тексеріс аштық. Нәтижесінде екі бұзушылық анықталды. Атмосфералық ауаға жол беретін шығарындылардың нормативтен асып кетуі, екіншісі ластаушы заттардың атмосфералық ауаға ұйымдастырылмаған түрде шығуы анықталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15