Трамп Анкарадан қайтарда ұшағын жасырын ауыстырғанын мойындады
АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда Анкарадан Вашингтонға қайтарда Ираннан қауіптеніп, жасырын түрде ұшағын ауыстырған. Мұны алдымен Америка баспасөз хабарлады. Содан кейін Трамптың өзі де растады.
Шілденің 8-де Құрама Штаттар жетекшісінің Анкара әуежайында «Бірінші бортқа» мініп бара жатқаны телекамераларға түсірілді. Алайда «Вашингтон пост» газетінің дерегінше, Трамп сол күні дереу вице-президенттерге арналған «Екінші бортқа» құпия ауысқан.
Айта кетсек, бұл сапардан бір күн бұрын Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер сәтсіз аяқталып, АҚШ Иранға қайта соққы беруге кірісті. Ал «Си-би-эс» телекомпаниясы сол күндері барлаушыларға сүйеніп, президентке немесе оның ұшағына шабуыл жасалуы мүмкін екенін хабарлаған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15