Жетісу облысында «Жасыл ел» жастары экопаркті тазалады
Жетісу облысында «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қолдарына құрал-сайманын алып, Сарқан ауданындағы «Қойтас» экопаркін тазалады. Экобелсенділер шөп шауып, қоқыс жинады. Бордюрлар мен орындықтарды ретке келтірді. Жалпы көктемнен бері ауданда осындай 20-дан астам экологиялық акция ұйымдастырылған. Игі істің арқасында «Қойтас» экопаркі де жаңарып, келбеті көркейе түсті. Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыстағы елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға мемлекеттік бюджеттен 19 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Соның арқасында өңірдегі демалыс орындары мен қоғамдық аумақтар да жаңарып келеді.
Әдемі Сейіткер, «Жасыл ел» жастар қозғалысының мүшесі:
Осы «Таза Қазақстан», яғни «Жасыл ел» еңбек жасақшылары да және өз халқымыз да өз айналасын таза ұстап, осындай акцияларға қатысуы тиіс деп ойлаймын. Ол – біздің туған жеріміз, туған өлкеміз дегендей. Айналамызды таза ұстап, өз үлесімізді қосуымыз керек.
Әсет Қанапиянов, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:
Қазіргі қайықпен жүзу бассейнінің құрылысы бітті. Бүгінгі күні пайдалануға берілді. Оның жағалауы да абаттандырылды. Елді мекеннің 4 көшесіне көше шамдарын орнату жұмыстары ұйымдастырылуда. Балалар алаңының құрылысы мен шағын футбол алаңын осы оқу жылының басына дейін пайдалануға берсек деген жоспар бар.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты
13.08.2026, 13:03
Таразда тозығы жеткен үйлер тегін жөнделіп жатыр
13.08.2026, 13:01
Әділ сайлау – демократиялық дамудың негізі
13.08.2026, 13:00
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
13.08.2026, 12:58
Ауғанстанда 2 миллионнан астам қыз бала білім алудан шеттетілген
13.08.2026, 12:58
Қытайда көне қаланы топан су басты
13.08.2026, 12:57
Жүргізуші куәлігіне тапсыратын емтиханды тек мемлекеттік ұйымдар қабылдайды
13.08.2026, 12:56
Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдарда орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
13.08.2026, 12:55