Конституциялық сотқа жүгіну – құқықтық айқындықтың кепілі
Бұрынғы Конституция бойынша қызмет атқарған тұлғаларды жаңа Конституция негізінде тағайындауға бола ма? Мемлекет басшысының Конституциялық Сотқа жүгінуі осы мәселені нақтылап берді дейді сарапшылар. Олардың сөзінше, бұл қадам заң нормаларын дұрыс түсіндіруге және құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Бақытжан Бұқарбай, саясаттанушы:
Бұл қалыпты практика. Бұл жерде бәрі дұрыс жасалды деп ойлаймын. Жаңадан Конституция, жаңа архитектура қалыптасып жатыр. Және осы жағдайда қандай да бір белгісіздік, қандай да бір манипуляция қоғамда болып кетпеуі үшін Президенттің Конституциялық Сотқа жүгінгені дұрыс деп ойлаймын.
Айдос Сарым, Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты:
Олардың осыған дейін істеген еңбегі, еңбек өтілі ескі Конституцияның есебінен есептелуі керек пе? Әлде жаңасымен есептелуі керек пе деген сұрақ туындады. Сол себепті Президент Конституциялық Сотқа жүгінді. Жауаптарын көрдіңіздер. Менің ойымша, бәрі айқын, анық айтылған. Бірақ бұл міндетті түрде ертең болатын сайлау, арғыкүні болатын сайлау деген сөз емес. Бұл - конституциялық мүмкіндік. Яғни осы заңдық процедуралардың тәпсірленуі деп айтуға болады.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
WhatsApp аккаунтын қорғау қажеттігі ескертілді
10.08.2026, 13:00
Ақтөбе облысы аудандарындағы спорт мектептеріне қолдау көрсетілді
10.08.2026, 09:58
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі аяқталды
10.08.2026, 09:58
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жеңімпазы атанды
10.08.2026, 09:57
АҚШ-та күзетшілерді робот алмастыра бастады
10.08.2026, 09:55
Орман өрті қаулап, британдық Колумбияда төтенше жағдай жарияланды
10.08.2026, 09:51
Қазгидромет қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
10.08.2026, 09:51
Ақтауда 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
10.08.2026, 09:50