Басты Жаңалықтар Конституциялық Соттың түсіндірмесі құқықтық талаптарды нақтылайды

Конституциялық Соттың түсіндірмесі құқықтық талаптарды нақтылайды

Жаңа Конституция - Қазақстанның жаңа саяси-құқықтық кезеңінің негізі. Конституциялық Соттың түсіндірмесі осы заң нормаларын дұрыс қолдануға, құқықтық талаптарды нақты түсіндіруге және саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Ал елдің болашағына қатысты түпкілікті шешімді әрқашан халық сайлау арқылы қабылдайды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай құқықтық түсіндіру тәжірибесі халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Индира Рыстина, саясаттанушы:

Бізде Конституцияда көрсетілген саяси лауазымдар бар. Сол лауазымдар алда қалай жұмыс істейді? Оған біз кімді тағайындай аламыз? Бұрын болғандарды тағайындауға бола ма, болмай ма? Осы Конституцияда көрсетілген ережелерді анықтап айтып беретін орган болғаннан кейін Президент бәрі заң тұрғысынан дұрыс болуы үшін Конституциялық Сотқа жүгініп, осындай анықтама алды. Оның логикалық жалғасы ретінде кеше біз Бас прокурордың, бүгін Жоғары соттың лауазымдарын байқап отырмыз. Осы тағайындауларды жасау үшін Президентке Конституциялық Соттың ресми құқықтың түсініктемесі керек болды.

Әйгерім Әбдірашитова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы:

Оны конституциялық нормаларды қай кезден бастап күшіне енеді, қай кезден бастап қолдана бастаймыз - сол тұрғыда қарастыру керек. Өйткені Конституция бойынша жазылмайды ғой, мысалы, бірден ол күшіне осылай енуі керек деп. Лауазымды тұлғалар орнынан кетуі керек деп айтылмайды. Керісінше, олардың жұмысы әрі қарай қалай реттеледі, заңға сәйкес сол бойынша ғана анықтама беріп отыр бізге.
Бөлісу