Open Air концерттеріне жүз мыңдап көрермен жиналды
Астана күніне орай елорда мерекелік көңіл күйге бөленді. Таңғы уақыттан бастап қаланың әр ауданында концерттер, ұлттық және заманауи өнер фестивальдері, спорттық жарыстар, көрмелер, балалар мен отбасыларға арналған ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар кешкісін ашық аспан астында өткен ауқымды Open Air концерттерімен түйінделді. Мыңдаған тұрғын мен қала қонақтары сүйікті әншілерінің өнерін тамашалап, мерекелік кештің ерекше атмосферасына куә болды.
Екі үлкен алаңда, яғни Қазақ елі және Астана арена аумағында ашық аспан астында Open Air өткізіп жатқан жайымыз бар. Бұл транспорттық коллапстың болуына байланысты ойластырылып жасалды. Мұнда эстрада жұлдыздары сахнада өнер көрсеткеннен кейін әртүрлі санаттағы көрермен келеді. Жастар да келеді.
Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Әсем қала - жастар қаласы дейді. Өте қуаныштымыз. Концерт ойдағыдай өтіп жатыр. Соны тамашалауға келдік.
Бүгін, міне, Астана күніне орай жиналып қалдық. Концерт өте керемет өтіп жатыр. Қатты ұнап жатыр. Құрбыларымызбен бірге келіп тамашалаудамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы