«Ақ жол» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің тізімін жариялады
«Ақ жол» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің тізімін жариялады
Астанада 5 шілдеде өткен «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезінде партияның Құрылтай сайлауына арналған бағдарламасы мен кандидаттар тізімі бекітілді. Жиынға партия басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, өңірлерден келген 200-ден астам делегат, депутаттар, жастар қанаты және кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.
Съездің негізгі тақырыбы – «Өзгерістер қажет» атты сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы болды. Партия төрағасы Дания Еспаева құжатта елдің тұрақты экономикалық дамуына, әділ бәсекелестікке, тиімді мемлекеттік басқаруға және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған бастамалар топтастырылғанын айтты.

Бағдарламада ұлттық мүддені қорғау, парламентаризмді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жемқорлықпен күресу, адами капиталды күшейту, жаңа технологияларды енгізу және еркін нарықтық экономиканы дамыту сияқты негізгі бағыттар қамтылды.
Бағдарлама съезд делегаттарының талқысына салынып, ұсыныстар ескерілгеннен кейін бірауыздан қабылданды.
Сондай-ақ съезде Құрылтай депутаттығына ұсынылатын партиялық тізім бекітілді. Оның құрамына еліміздің барлық өңірінен кәсіпкерлер, депутаттар, сарапшылар, білім, медицина, өндіріс және қоғамдық сала өкілдерінен құралған 63 кандидат енді.
Тізімді көру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы