Басты Жаңалықтар Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби (870–950) – шығыстың ұлы ойшылы, философ, ғалым-энциклопедист. Ол қазіргі Отырар өңірінде дүниеге келген. 

Әл-Фараби философия, логика, математика, музыка, астрономия сияқты көптеген ғылым салаларын терең меңгеріп, ғылымға зор үлес қосты. Ол Аристотель еңбектерін зерттеп, түсіндіргені үшін «Екінші ұстаз» атанған. Ғалымның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегі қоғам мен мемлекет туралы терең философиялық ойларға негізделген. Әл-Фараби ғылым мен білімнің дамуына ерекше ықпал етіп, Шығыс пен Батыс өркениеттерін байланыстырушы тұлға ретінде тарихта қалды. Оның мұрасы бүгінге дейін әлемдік ғылым мен мәдениетте маңызды орын алады.



Ұлы ұстаз әл-Фа­рабидің күллі адамзат игі­лігі үшін атқарған рухани еңбегі ұшан-теңіз. Тұлғаның әлемге әйгілі еңбегі «Қайырымды қала тұр­ғындары», «Музыка туралы» трактаттары әлі күнге құнын жойған жоқ. Әсіресе, әлем тарихында тұңғыш рет музыкалық дыбыстарды қағазға түсіріп, нота пайдаланғаны үлкен жаңалық. 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы ұстаз жайлы телехикая түсірді. Телехикаяның бөлімдерін көріңіз.




Бөлісу