Конституциялық модельдің негізгі бағыттары талқыланды
Елдегі саяси-құқықтық өзгерістер тек қағаз жүзінде қалмайды. Оның әрбір тармағы қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер етпек. «Sarap» сарапшылық клубының отырысында белгілі заңгерлер мен қоғам белсенділері бас қосып, Конституциялық модельдің негізгі бағыттарын талқылады. Жиында отбасы құндылықтарын қорғау мәселесі кеңінен сөз болды. Ата заңдағы жаңа нормаларға сай, мемлекет неке мен отбасы институтын, ана мен бала құқығын заң жүзінде шегендеп, мықтап бекітіп отыр. Нақтырақ айтқанда, тек ер пен әйелдің некесі Халықтық Конституцияда нақты айқындалды. Бұл отбасындағы жауапкершілікті арттыруға септігін тигізеді, дейді сарапшылар. Жаңа реформаның тағы бір маңызды тірегі – адами капиталды дамыту. Яғни, мемлекет бұдан былай басты инвестицияны білім мен ғылымға, жас мамандар мен озық технологияға құяды. Осылайша, қарапайым ауыл баласының да сапалы білім алып, заманауи маман атануына жол ашылмақ. Қатысушылардың айтуынша, бұл қадам елдің болашақ экономикасын шикізатқа емес, білімге негіздеуге мүмкіндік береді.
Конституцияда «Отбасы дегеніміз – ер азамат пен әйел азаматтың ерікті түрде тең дәрежедегі заңда некесі» деген норма жазылған. Сондықтан да бұл нормада біздің қоғамдағы отбасының рөлін арттыруға ананың, әкенің, баланың рөлін арттыруға және олардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі реттеуге бағытталған норма деп отырмыз.
Конституцияның негізгі бағыттары ретінде бұл адами капитал сапасы, білім және инновация, технологияға басымдық берілді. Және елдің негізгі даму бағыты ретінде сол терминдер анықталды. Бұл дегеніміз елдегі барлық күш құрылымдар және негізі инвестиция адами капиталға салынатынын көрсетеді. Білім мен ғылымға, адами капиталға негізделген инвестиция елдің болашағын жарқын ететіні сөзсіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы