Еуропа Кеңесі Қазақстандағы реформаларды қолдады
Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясының 22 мүшесі «Қазақстандағы конституциялық референдум: реформалардың жаңа кезеңі» деген атаумен жазбаша декларация қабылдапты. Онда біздің еліміздегі саяси жаңаруға қолдау көрсететіндерін білдірген. Авторы – Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының депутаты, Түркия өкілі Мехмет Акалын. Қол қойған парламентшілер түрлі мемлекеттердің және түрлі партиялардың өкілдері. 15 наурызда бізде өткен референдумды институционалды трансформацияның, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды кезеңі деп санайды. Цитата: «Реформалардың мұраты – мемлекеттік басқарудың теңгерімді үлгіге көшуін, есеп беру тетіктерін берік қыла түсу мақсатын, азаматтардың конституциялық әділетке қол жеткізу мүмкіндіктерінің кеңеюін, адам құқықтарына берілетін кепілдіктердің нығаюын құптаймыз».
Сонымен бірге Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің диалогына тоқталған. Еуразиялық кеңістіктегі сенімді серіктес санайтын Қазақстанның заң үстемдігі мен демократиялық басқару принциптерін нығайту әрекетін қолдаймыз,
деген.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда конақүй көп салына бастады
13.10.2026, 13:17
Жыл басынан бері 299 дроппер сотталды
13.10.2026, 13:15
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
13.10.2026, 13:13
Түркітілдес жастар фестивалі өтті
13.10.2026, 13:10
Қаңтар-маусымда Қазақстанның ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті
13.10.2026, 13:07
Халық кеңесі қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтады
13.10.2026, 13:07
Бельгия Королі мен Патшайымының Қазақстанға сапары шетелдік БАҚ назарында
13.10.2026, 13:06
Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар 75 мыңға жуықтады
13.10.2026, 13:05