Басты Жаңалықтар Қызылордада екі аяғынан айырылған аттракцион қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылордада екі аяғынан айырылған аттракцион қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылордада демалыс паркіндегі аттракционда 18 жастағы бозбала екі аяғынан айырылды. Ауыр жарақат алған ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 

Зардап шеккен азамат демалыс орнының қызметкері болып шықты. Аттракцион жас жігіттің аяғын кескілеп тастаған. Ойын-сауық орны жеке кәсіпкерге тиесілі. Қазір полиция тарапынан еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жасұлан Баймаханов, облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері:

Ота жасалған сол жақ сан бөлігінен 3/1 деңгейінде, сол аяқ тобық деңгейінде ампутация жасалды. Қазір жағдайы өте ауыр. Ауыр жарақатына байланысты реанимацияда қарқынды ем алып жатыр. Жағдайы ауыр тұрақсыз.


Бөлісу