Трамп Иранмен келісімге қол қойылды деп мәлімдеді
Иран мен АҚШ арасында соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды. Құжат ресми түрде жұма күні Женевада бекітілгеннен кейін оның мәтіні жарияланады. АҚШ президенті Дональд Трамп Францияның Эвиан-ле-Бен қаласында президент Эммануэль Макронмен кездесуде осылай деп мәлімдеді. Ақ үй басшысы мұнда «Үлкен жетіліктің» саммитіне қатысуға барған. Сонымен бірге Трамп жұма күні Ормұз бұғазы толықтай ашылатынын айтты. Ал Женеваға қол қою рәсіміне өзі баратыны не бармайтыны әзірге белгісіз екенін айтты.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Таяу Шығыста көптеген керемет оқиға болады. Ең маңыздысы - мұнай бағасы төмендеп барады. Қор нарығы бүгін зымыран сияқты бірден рекордтық көрсеткіштерге жетті. Бастысы Иранның ядролық қаруы болмайды. Олар бұған толық келісті.
Трамп Францияда ашылған «Үлкен жетілік» саммитіне қатысады. Оған АҚШ президентімен бірге Ұлыбритания, Франция, Канада, Германия, Италия, Жапония мен Еуропа одағының жетекшілері барған. Жиында Таяу Шығыс пен Украинадағы соғыс мәселелері талқыланады. Соңында қатысушы мемлекеттер дәстүрге айналған қорытынды декларацияны қабылдамайды. Оның орнына нақты тақырыптар бойынша келісімге келу көзделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы