Маңғыстауда Джеки Чанның жаңа фильмі түсіріліп жатыр
Маңғыстауда әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Armour of God», яғни «Құдайдың сауыты 4: Ультиматум» халықаралық кино жобасының түсірілімі басталды.
Қазіргі таңда түсірілім тобы Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафттарында алғашқы кадрларды таспауға кіріскен. Фильмнің негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде Бозжыра шатқалы таңдалып отыр. Аталған аумақта 35 адамнан тұратын түсірілім тобы жұмыс істеп, фильмнің бірқатар көріністерін түсіріп үлгерді. Жоба жетекшілерінің мәліметінше, Джеки Чан өзі Маңғыстауға алдағы айда келеді. Түсірілім жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарлануда, ал фильм 2027 жылдың ақпан айында үлкен экранға жол тартпақ.
Рүстем Омаров, түсірілім тобының өкілі:
Джеки Чанның қатысуымен өтетін фильмнің түсірілімін шілде айында бастаймыз. Жергілікті әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау біз үшін өте маңызды. Түсірілім жұмыстарының дәл Маңғыстаудан басталуы қуантады. Бұл көрермен көңілінен шығатын, ауқымды әрі қызықты жоба болады деп сенеміз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16