ҰБТ өткізілген 5 апта ішінде талапкерлер 470-тен астам ереже бұзды
Елімізде ҰБТ өткізілген бес апта ішінде талапкерлер 470-тен астам ереже бұзды. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Оның ішінде 300-ге жуық талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 176 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. 10 мамырда басталған емтихан 10 шілдеге дейін жалғасады. Қатысуға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген, оның ішінде 668-і - ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкер. Қазіргі уақытта тестілеуден шамамен 236 мың талапкер өтті. Бесінші аптаның қорытындысына сүйенсек, талапкерлердің 67%-ы шекті балды жинаған.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания-Кабо-Верде матчы тең есеппен аяқталды
16.06.2026, 10:21
Маңғыстауда Джеки Чанның жаңа фильмі түсіріліп жатыр
16.06.2026, 10:19
Түркі дүниесі мен Ислам әлемінің құндылықтары ортақ
16.06.2026, 10:16
Трамп Иранмен келісімге қол қойылды деп мәлімдеді
16.06.2026, 10:14
Желіде «Әділет» партиясының атауын заңсыз пайдаланған парақшалар анықталды
16.06.2026, 10:12
Самокатқа жаңа талап: 1 шілдеден бастап не өзгереді?
16.06.2026, 10:06
Өрт қауіпсіздігін бұзған 1 600 адам жауапқа тартылды
16.06.2026, 10:01
Қызылордада екі аяғынан айырылған аттракцион қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр
16.06.2026, 09:59