Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
«Еңбек нарығы – жастар» деген тақырыпты талдап көреміз. Бұл, негізі, ғылыми тұрғыда зерттейтін дүние...
Жас адам тез әрі көбірек табыс табуды ойлайды. Бұл – табиғи тілек. Ондай тілекті, тиісінше әрекетті сынай алмайсың.
Дегенмен экономиканың іргелі білім керек салалары ше? Біз жеңіл өнеркәсіпті дамыта алмайтынымыз анық. Өркендету мүмкін емес басқа да салалар бар. Онда экономиканың тағандары – мұнай-газ, тау-кен және ауыл шаруашылығы мен оларды өңдеу салаларында, сосын жасанды интеллект, жасанды интеллектіні қолдану бойынша үзілмейтін тізбек қалыптастыруымыз керек қой?!
«Сатып ал да, сат» қалыбы, қызмет көрсету сферасы қыз-қыз қайнап жатыр. Бірақ бұл жалпы экономиканың мазмұнын тереңдетпейді.
Соңғы уақытта сәнге айналған қызметтің бірі – курьерлік.
Көшеде жүрсеңіз, курьерлер көп кездеседі. Бірі великпен, бірі скутермен, бірі
мопедпен зуылдап жүр. Көбінің 1-2 минут тоқтап бізге сұхбат беруге де уақыты
болмады. Өйткені олардың әр минуты есептеулі.
Асығып жүргендер арасында студенттер де, оқушылар да, бұрын басқа салада істегендер де бар. Солардың бірі – Руслан. 29 жастағы жігіт 4 жылдан бері курьер болып жүр.
Руслан Ожанов, курьер:
Бұрын да көп салаларда істегенмін. Өзіме ұнағаны осы курьерлік жұмыс. Ақшасы жақсы, өз-өзіңе басшысың, өзің білесің этот күнде істеймін. Екі жұмада бір рет отдыхаю. Барлық салада өзімді тексеріп көрдім, осы жағы өзіме жақсы ұнады.
Руслан бұл жұмыстың ұнағаны ақшасының көптігі, бастықтың
жоқтығы, – деді. Айлық есебін де, жұмыс кестесін де өзі жасайды. Тура осындай
жауапты басқа курьерлер де айтты.
Құдірет Әзмеденов, курьер:
Бір-екі жыл болды ғой істеп жатқаныма. Бастық жоқ, сол жері жақсы. Қысым жоқ та. Еркін.
Болат Сәби, курьер:
Сен міндеттісің дегенді басқа жұмыста көп естідім. Асханада, құрылыста, қоймада істеп көрдім. Бірақ өз міндетіңе кірмейтін тапсырмаларды жүктейді. Сондықтан курьерлікке ауысып кеткеніме бес жылдан асты.
Басында 1-2 ай ғана істеп көремін деген Болат үшін қазір
курьерлік тұрақты табыс көзіне айналған. Ал кейбір жігіттер мұны қартайғанша
жалғастыруға дайынмын, – дейді.
Руслан Ожанов, курьер:
Осы жұмыста істей беремін, иә, қартайғанша дейін істей беруге болады. Жасы жеткен адамдар да істеп жүр ғой.
Иә, қай жұмысты қанша жасқа дейін істеймін десе де,
әркімнің өз еркі. Бірақ мамандарды бұрын уақытша саналатын жұмыстардың қазір
тұрақты жұмысқа айналып бара жатқаны алаңдатып отыр.
Руслан Сұлтанов, экономист:
Курьерлердің өзін мәселе деп есептемеймін. Бірақ жастардың көп бөлігі мұны негізгі жұмыс ретінде қарай бастаса, кейін қиын болады. Мысалы, соңғы 5 жылда жастардың саны 400 мыңға көбейген. Соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 46 мыңға ғана өскен. Демек, тұрақты жұмыс істемейтін жастар саны 300 мыңнан асып отыр.
Айдар Хамит, әлеуметтанушы:
Соңғы мына трендтер көрсетіп жатқандай, қазіргі жастар бірден үлкен табысқа жеткісі келеді. Олар күткісі келмейді. Бірақ қандай қиындықтар болуы мүмкін? Біздің қоғамдағы дәстүрлі мамандықтарға инженер, құрылысшы, дәрігер, мұғалім сияқты мамандықтардың азаюына алып келуі мүмкін.
Мамандардың сөзінше, егер экономика ұзақ уақыт бойы «тез
табыс табу» моделін ғана ұсынса, біртіндеп еңбек мәдениеті өзгереді. Адамдар
кәсіпке, мансапқа, біліктілікке басқаша қарай бастайды. Қазір Қазақстанда осы
үрдіс жүріп жатқандай.
Айдар Хамит, әлеуметтанушы:
Ұрпақ негізі басқаша құндылықтармен өсіп келе жатыр. Себебі біздің ата-аналарымыз еңбек құндылығын басқаша түсінген. Таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеп, адал еңбек ету. Жастар көбінесе өзіне қарай бағыттағысы келеді. Өзінің уақытын тиімді жұмсау, рационалдылық. Екіншіден, бұл жерде жеңіл және жылдам табыс. Зерттеу керек, біріншіден, бұл құбылыстарды. Шешім қабылдаушы органдар көп жағдайда зерттеулерге назар аудармайтын сияқты. Себебі олар көбінесе интуитивті өрт сөндіруші функциясын атқарып жатыр. Яғни, проблема бар ма, сол проблеманы шешу.
Яғни, жастарды жұмыспен қамту мәселесіне өзгерістер
енгізу керек, – дейді мамандар. Мысалы, ресми статистика бойынша жастар
арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2023 жылы 3,6 пайыз болса, 2025 жылдың соңында 3
пайыз болған. Бірақ көрсеткіш төмендегенімен, бұл бәрі жақсы деген сөз емес.
Өйткені...
Руслан Сұлтанов, экономист:
Біз жұмыссыздық көрсеткіші төмен деп қуанбауымыз керек. Олардың қандай жұмыс істеп жатқанына қарауымыз керек. Мысалы, бізде маусымдық, яғни 6 айлық жұмыстар да жұмыспен қамту болып есептеледі. Оған қоса өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да соған кіреді. Ал олардың дені осындай курьерлік секілді жұмыстарда жүр.
Экономист Руслан Сұлтановтың сөзінше, қызмет көрсету
салалары жастарды жұмыспен қамтитын ең ірі сектор. Соның ішінде сауда-саттық
саласы басында тұр.
Мысалы, 2025 жылғы есеп бойынша, бұл салада 664 мың жас жұмыс істейді, бұл жалпы жұмыспен қамтылған жастардың 18,5 пайызы. Екінші орында білім беру саласы. 452 мың адам немесе 12,6 пайыз. Ал өнеркәсіп тек үшінші орында. 400 мың адам немесе 11 пайыз.
Руслан Сұлтанов, экономист:
Мемлекет жұмыс тетіктерін қазіргі жастарға ыңғайлауы керек. Мысалы, инженер немесе технолог болу үшін бірнеше жыл оқып, жұмыста ұзақ тәжірибе жинау керек. Ал жастарға одан да көп ақша мен еркіндік беретін сияқты жұмыстар бар. Бірақ жастар да түсінуі керек. Қазір ол еркін әрі табысты болғанымен, кейін зейнетке шыққанда, оларға зейнетақы төлеу қиын болады. Себебі олардың өз жинақтары болмайды немесе аз болады.
Мамандар сөзінше, бұрын тұрақтылық артықшылық саналатын. Ал бүгін еркіндік
пен уақыт қымбат. Сондықтан мәселе курьерлікте немесе басқа қызмет көрсету
салаларында емес. Өйткені әр буын өз дәуірінің мүмкіндігін пайдаланады.
Бастысы, бүгінгі мүмкіндіктің ертең өкінішке айналмағаны.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05