Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады
27 мамыр Құрбан айттың алғашқы күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айт күндері, материалдық мүмкіндігі бар азаматтарды құрбандық шалуға шақырды. Ниет етіп сойылған мал етін мейлінше, мұқтаж жандарға тарату қажет, деді. Сонымен бірге, Бас мүфти бұл кешірім мерекесі болғандықтан, бір-бірін ренжіткен адамдарды татуласуға үндеді. Осы мақсатта татуластыру акциялары ұйымдастырылатынын да атап өтті. Бұдан бөлек, еліміздің барлық аймағында қайырымдылық шаралары мен мәдени-рухани кештер өткізілмек. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланған. Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн құрбан шалу биыл да жалғасатынын жеткізді. Азаматтар өтінімдерін qurban.muftyat.kz платформасы арқылы жолдай алады. Сонымен бірге басқарма төрағасы кәсіпкерлерге үндеу жасады.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
Мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыздың күнделікті тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты: мұсылмандар арасында өзара мейірілімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы