Басты Жаңалықтар Сенатта Экономиканы қаржылай қолдау тетіктері талқыланды

Сенатта Экономиканы қаржылай қолдау тетіктері талқыланды

Мемлекеттің қаржысы экономиканың нақты өсіміне жұмыс істеуі керек. Сенатта экономиканы қаржылай ынталандыру тетіктері талқыланды. Үкімет сағатында инвестиция тарту, бизнесті қаржыландыру және бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы сөз болды. Жиында Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мемлекеттік қолдау тек ақша бөлумен шектелмеуі тиіс екенін айтты. Ол қаржылай ынталандыру экономиканы дамытуға және жаңа жобаларды қолдауға бағытталуы қажет, деді. Сонымен қатар, бұл тетік экономиканы құрылымдық тұрғыда жаңғыртуға жұмыс істеуі керегін атап өтті. Ал Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов тұрақты экономикалық өсім үшін инвестиция көлемін ұлғайту маңызды екенін жеткізді. Үкімет сағатында инвестиция тарту, банктердің нақты секторды қаржыландыруға қатысуы, бюджет шығыстарының тиімділігі және даму институттарының рөлі сөз болды. Жиын қорытындысы және бірқатар ұсыныстар Үкіметке жолданды.

Бөлісу