Экономикаға ЖИ элементтері енгізіліп жатыр
Бүгін Үкімет отырысында министрлер экономика салаларына жасанды интеллектіні енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылайды. Қазіргі таңда жасанды жад мемлекеттік басқаруда, квазимемлекеттік секторда және экономиканың кейбір салаларында кеңінен қолданылып отыр. Бұл туралы Үкімет үйінен бізбен тікелей байланысқа шығып тұрған тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес айтсын.
Нұрсұлтан, тағы қандай бағыттар жаңа технологияларға зәру?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Алдымен мынаны түсініп алайықшы: Жасанды интеллект экономикаға не береді? Мамандардың сөзінше, жасанды жад өндіріс тиімділігін арттыру, шығындарды азайту және жаңа жұмыс орындарын қалыптастырудың негізгі факторы. Сондықтан қазір мемлекеттік басқаруда, квазимемлекеттік секторда және экономиканың кейбір салаларында жасанды интеллект кеңінен қолданылып отыр. Ендігі кезек тау-кен өнеркәсібі, энергетика және мұнай өндіру, медицина, қаржы, сондай-ақ мемлекеттік технологиялар саласына келді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінде арнайы бағдарлама жұмыс істеп тұр. Бағдарламаға қатысуға 116 компания өтінім берген. Биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны баршамызға мәлім. Осы жыл аясында нақты қандай жұмыстар атқарылды? Мұны жиын барысында білеміз. Үкімет отырысынан соң баспасөз конференциясы өтеді. Оған тиісті министрлік өкілдері қатысып, журанлистер сұрағына жауап бермек. Ендеше айтылған мәлімдемелер мен мәліметтерді ақпараттың алдағы шығарылымдарында тарқатып айтамыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14
Елде су қоймалары көбейді
20.10.2026, 17:12
Жетісу диқандары 439 мың тонна жүгері жинамақ
20.10.2026, 17:10
Еліміздің бірнеше өңірінде күн күрт бұзылады
20.10.2026, 17:07
Ресей қатерлі ісіктің бірнеше түрін емдейтін препарат тіркеді
20.10.2026, 17:05