7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
Қазақстанда соңғы 7 жылда 118 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Соңғы бір жылда баспана кезегінде тұрған 30 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болған. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Тұрғын үй саласындағы осы және өзге де жетістіктер туралы тілшіміз Эльмира Қаленова баяндайды.
Нұржан мен Зәуреш Құсайыновтар – алты балалы отбасы. Биыл олар Қызылжар қаласының орталығынан үш бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Аумағы – 80 шаршы метр, құны – 18 миллион теңге. Мемлекеттік бағдарлама аясында рәсімделген ипотекалық несиенің жылдық мөлшерлемесі – 2 пайыз.
Нұржан Құсайынов, көпбалалы әке:
Кезекте 13 жыл тұрдық, алдында. Сәті түсті, үйіміз жаман емес, берекелі. Еліміз аман болсын, біріншіден. Елімізде тиыш болса, бәрі жақсы. Ақырын-ақырын ретімізге келіп жатырмыз.
Пәтер – жарық әрі жайлы. Баспаналы болуды ұзақ күткен отбасы жиһаз алып, жаңа мекенді жайлы шаңыраққа айналдыруға кіріскен. Зәуреш бұл күнді асыға күткенін жасырмады.
Зәуреш Құсайынова, көпбалалы ана:
Пәтер өте ұнайды, қуаныштымыз. Жыладым, мен дүкенде болғам. Маған Ризагуль «Отбасы банктен» позвонила и сказала что біз конкур өттік деп.
Былтыр елімізде 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Астана, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр.
Марат Жарболов, ҚР ӨҚМ комитет төрағасы орынбасарының м.а.:
Жеке құрылысшыларды ынталандыру мақсатында бізде осындай ипотекалық бағдарламалар іске асу. Анау «Наурыз» секілді. Және басқа да «Ұмай» бағдарламасы, мысалы. «Жасыл» ипотека бар. «7-20-25». Ұлттық банктің бағдарламасы іске асуда.
Соңғы 7 жылда Қазақстанда 1 млн-ға жуық отбасы баспаналы болды. Әр адамның өз шаңырағына қол жеткізуіне ге мүмкіндік беріп, тұрғын үй жағдайын жақсартута бағытталған жұмыс жалғасын табады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы