Басты Жаңалықтар Ресей қатерлі ісіктің бірнеше түрін емдейтін препарат тіркеді

Ресей қатерлі ісіктің бірнеше түрін емдейтін препарат тіркеді

Ресейде қатерлі ісіктің бірнеше түрін емдеуге арналған препарат тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған дәрі өңештің метастаздық жалпақ жасушалы обырына, бас пен мойын аймағындағы қатерлі ісіктердің асқынған сатыларына, сондай-ақ ми ісіктерінің кейбір түрлеріне қарсы қолданылады. Олардың қатарында мидың қатерлі ісігінің агрессивті түрлерінің біріне қарсы да әсер етеді. Препарат нысаналы терапияға жатады. Оның құрамындағы нимотузумаб ісік жасушаларының өсуі мен көбеюіне қатысатын эпидермалық өсу факторының рецепторына әсер етеді. Осылайша, ісіктің дамуына ықпал ететін белгілі бір молекулалық механизмдерді тежеуге бағытталған. Препаратты әзірлеуге Кубаның Молекулалық иммунология орталығы қатысқан.

Бөлісу