А.Жұбановтың 120 жылдығын Ресейде атап өтті
Ұлттық музыка ғылымының атасы, даңқты композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай Ақтөбе облыстық филармониясының өнерпаздары Санкт-Петербург қаласында концерт қойды. Музыка кешінде негізінен Жұбановтың шығармалары орындалды. Академиктің өнері бұл қалада тегіннен дәріптеліп отырған жоқ. Ол Санкт-Петербург қаласындағы Глинка атындағы музыка техникумында, одан кейін Ленинград консерваториясында және Өнертану академиясының аспирантурасында оқыған. Осынау ұшан-теңіз білімінің арқасында ғұлама ғалым қазақтың ән-күйін терең зерттеп, «Ғасырлар пернесі» , «Дала бұлбұлдары» атты кітаптарын жарыққа шығарды.
Дмитрий Михно, Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы:
Санкт-Петербургтың қақ ортасында ауқымды шара өткіздік. Жергілікті тұрғындардың композиторға деген құрметі ерекше. Сондықтан болар, концертті тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Одан бөлек Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған шаралар Ленинград облысы, Гатчина қаласында да жалғасын табады.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04