Елордада ардагерлер арасында республикалық волейбол турнирі өтті
Елордада ардагерлер волейбол федерациясы президентінің кубогіне арналған ауқымды турнир өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 37 команда келген. Қатысушылар 50-ден 70 жас аралығында. Қарттардың қимылы ширақ. Ала допты алақанда иіріп, көпшілікті таң қалдырды. Дәстүрлі шара әр жылдары елге еңбегі сіңген ардагерлердің басын қосатын, тәжірибе мен спортты ұштастыратын кездесу. Биыл 8-мәрте ұйымдастырылып отыр. Федерацияның барлық облыста филиалдары бар. Яғни ардагерлер спортпен тұрақты шұғылданып жүр. Сондықтан болар бәсекелестік өте жоғары деңгейде өтіп, ойын тартысқа толы болды.
Әсет Әділхан, ҚР ардагерлері волейбол федерациясының президенті:
Басты мақсат бұқаралық спортты дамыту. Жастарға салауатты өмірді баяндау. Егер аталары мен әкелері осындай денсаулығына байланысты спортпен айналысса, балалары да, немерелеріміз де ертең жақсы елдің азаматы болады деп біз сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы үн қосты
29.08.2026, 20:19
Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары бір кітапқа жинақталған
29.08.2026, 20:13
Елде «Таза жағалау» акциясы өтті
29.08.2026, 20:12
Өңірде биыл 20 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді
29.08.2026, 20:10
Әйел курьерлерді қолдауға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады
29.08.2026, 20:09
Ауыл мектебіне 34 миллион теңге грант берілді
29.08.2026, 20:07
Қылмыстың жалпы деңгейі 10 пайызға төмендеді
29.08.2026, 20:06
Қытай 6G интернетті сынақтан өткізіп жатыр
29.08.2026, 20:05