Венгриядағы сайлауда оппозициялық партия жеңіске жетті
Венгрияда өткен парламент сайлауында оппозициялық "Тиса" партиясы жеңіске жетті. Бюллетендердің 90 пайыздан астамы саналған. Оған сай, оппозиция лидері Петер Мадьярдың партиясына 199 орынның 138-і тиесілі. Ал премьер-министр Виктор Орбанның "Фидес" партиясына 54 орын бұйырды. Орбан жеңілгенін мойындап, Мадьярды жеңісімен құттықтады. "Тиса" партиясының жетекшісі болса, елді 16 жыл басқарған Орбан режимінен құтылдық деп мәлімдеді. Парламент сайлауына барлығы 5 партия қатысқан. Алайда басты бәсеке жоғарыда аталған екі партия арасында өтті. Сайлауға халық белсене қатысқан. Венгриялықтардың Орбан үкіметінің қоғамдық инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім жүйесі мен коррупцияға қатысты саясатына көңілі толмайды. Ал 45 жастағы Петер Мадьяр жемқорлықпен күресті күшейтуге, жүйеде өзгерістер енгізуге және жаңа Конституция ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы