Басты Жаңалықтар Сарапшы: Әуе жүк тасымалын дамыту қажет

Сарапшы: Әуе жүк тасымалын дамыту қажет

Қарағанды қаласындағы Сарыарқа әуежайында жылына 15 мың тоннадан аса әуе жүгі тасымалданады. Елімізде саудаланып жатқан гүлдердің негізгі бөлігі де осы әуежай арқылы жеткізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта әуежай транзиттік рейстерді арттырып, жүк тасымалын 200 тоннаға жеткізуді мақсат етуде.

Әлемде жүк тасымалының жартысына жуығы әуе қатынасы арқылы жеткізіледі. Бұл ең алдымен тез, ал баға жағынан әлде қайда қымбат. Сондықтан шаһардағы Сарырақа әуежайы мультимодальды аэрохабқа айналмақ. Қазірдің өзінде Амстердам, Гонконг сынды ірі қалалардан үздіксіз әуе ұшақтары қатынауда.

Руслан Ғаббасов, «Сары-Арқа әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:

Қазіргі таңда біз толыққанды жоспар құрдық. Әуежай арнайы экономикалық аймақтың құрамына енгізілді. Енді аумақтағы жобалау және инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі қолға алынбақ. Атап айтқанда, қоймалар, ангарлар, техникалық орталықтар салу, сондай-ақ теміржол тарту жоспарлануда.

Бүгінде елімізге келетін гүл шоқтарының басым бөлігі осы әуежай арқылы тасымалдануда. Онымен қоса ірі кәсіпорындарға қосалқы бөлшектер көптеп келеді. Әуежай күн сайын 50-ге жуық транзиттік рейстерді қабылдай алады.

Ерлан Оспанов, Қарағанды әуежайы директорлар кеңесінің төрағасы:

Қазақстан Еуразияның кіндігінде. Ал Қарағанды Қазақстанның орталығы. Міне осы тұрғыдан бізге географиялық мүмкіндік зор. Сол үшін Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа бағытталған транзиттік рейстерді арттырғымыз келеді.

Әлемде Оңтүстік пен Солтүстік Америка құрылқтарының қақ ортасында Панама деген шағын ел бар. Олар географиялық орнын сәтті пайдаланып, Әуе жүк тасымалы арқылы қаржы қазынасын толтырып отыр. Ал, еліміз мұндай мүмкіндікті тиімді пайдалана алар емес. Бұл жайлы мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда еліміздің әлі күнге дейін Еуразияның әуемен жүк тасымалдайтын орталығы бола алмай отырғаны – кешірілмейтін қателік, деді. Сарапшылар сөзінше бұған екі үлкен мәселе себеп дейді.

Бекқожа Айғожин, сарапшы:

Қазақстанның териториясы транзиттік мақсатта жұмыс істеуге бар. Бірақ, мәселелер бар. Бізде инфрақұрылымның төмен деңгейін дамыту керек. Одан соң жанармайдың қол жетімсіздігі. Тағы бір мәселе көптеген елде әуежай, теміржол станциялары мен көлік хабтары бір аймақта орналасқан.

Елімізде инфрақұрылым бірте-бірте реттеліп келеді. Биылдың өзінде 15 халықаралық әуе қатынасы қайта жанданды. Ал транзиттік рейстер үшін жанармай мәселесі қолға алынуда. Энергетика министірілгінің мәліметінше бұрын авиаотын тоннасы 1200 доллардан саудаланса, алдағы уақытта 890 долларға дейін арзандамақ. Бұл бастамалар әуе жүк тасымалын ілгерілетіп, экспортты ұлғайтуға сеп болмақ.


Бөлісу