Басты Жаңалықтар «Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді

«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді

Астанада 14 маусым күні «Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді. Оған 800-ден астам делегат қатысады деп жоспарланып отыр. Бүгін партияның саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда сьезге дайындық жұмыстары пысықталып, партиялық құрылымды одан әрі дамытуға және өңірлердегі жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды. Бүгінде партия қоғамдық және кәсіби бірлестіктермен ынтымақты арттырып, Әділетті Қазақстанды дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша жаңа бастамалар әзірлеп жатыр. Партия төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының құрылуы қоғамның әділдікке деген ұмтылысы мен қазақстандықтардың белсенді қолдауының нәтижесі екенін атап өтті. Ең бастысы - азаматтардың сенімін ақтауымыз керек деді.

Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің барлық прогрессивті күштерін, Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асыру жолында бірігуге шақырғанын естідіңіздер. Мемлекет басшысының осы үндеуін біз толық қолдаймыз. Бүгін біз қоғамның үлкен сенімін сезініп отырмыз. Партия қатарына түрлі кәсіп өкілдері қосылды, еңбек адамдары, мұғалімдер, дәрігерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, инженерлер, IT мамандар, жастар, қоғам белсенділері біздің ортақ мақсатымыздың төңірегінде бірікті.


Бөлісу