Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалі өтті. Өңірдің әр ауданынан бөлек, көршілес облыстардың қатысуымен 40-қа жуық кәсіпкер өз өнімдерін ұсынып, үздігі таңдалды.
Бұл - Арқаның атлын төрі Қарқаралының етегі. Бір қарағанда сайыс емес, қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының ұлан асыр тойы секілді. Мұнда ән айтылды, ұлттық ойындар ұлықталып, қолөнершілер шеберлік сағаттарын өткізді. 30 мың тонна қымыз 20 мыңға жуық адамның торсығын толтырды.
Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды облысының әкімі:
Бұл жоба ұлттық мәдениетімізді әлемге танытып, халықаралық мәдени туристік брендке айналарына сенім мол. Қасиетті ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан қымыздың қадірі арта берсін. Берекелі даламыздың ырысы тасысын. Бай қымыз фестивалі құтты болсын.
Тобылғының түтінімен ысталып, ағаш күбіде бапатаған бал қымыздың дәмін аңсаған ағайынның бәрі осында. Оларға өңірдің әр ауданымен, бірнеше көршілес облыстан келген 37 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды. Арасынан ең көп дауыс жинаған Қарқаралы ауданының Ақтерек қымызы жеңімпаз атанды.
Бұрхан Жолтаев, жарыс жеңімпазы:
«BaiQymyz» керемет жоба болып тұр. Біздің Қазақстанда болмаған жоба. Бұл әлі өзінің жемісін береді. Қалай отау құрдық, солай бастадық. Бір биеден бастағанбыз. Алатын асу көп. Біз өзіміздің негізгі мақсатымыз - қымызды шетелге шығару.
Мәдени-туристік жоба 6000 жылдық тарихы бар ұлттық сусынды ұлықтау ғана емес, өңір туризімінің бойына жаңаша қан жүгірту. Ұлттық код һәм ұлттық болмысымызды дәріптеу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы