Қоқыс полигонына қатысты мәселе қордаланып барады
Шығыстағы Алтай мен Өскемен қаласындағы қоқыс полигондарын тез арада жабу керек. Дәл осылай деп жергілікті экологтардың дабыл қаққанына талай жыл болды. Өйткені қос қаладағы қоқыс алаңын пайдалану мерзімі әлдеқашан өтсе де тұрмыстық қалдық сонда төгіліп келеді. Ескі полигондарды жауып, оған рекультивация жасап жаңасын салу мәселесі әлі шешімін таппай тұр. Неліктен?
Олжас Керейхан, тілші:
1957 жылы салынған бұл полигон 15-20 жыл бұрын толып кеткен. Тіпті соңғы жылдары аумағынан асып қаланың сыртындағы айналма жолды басып жатыр. Қоқыстан ұшқан салафан қалта мен қағаз әр ағаштың басында. Ал осы маңдағы тұрғындар жағымсыз иістен жапа шегіп отыр. Әсіресе жазда қиын.
Экологтардың айтуынша, бүгінге дейін бұл төбеге шамаммен 7 миллион тоннадан астам қоқыс төгілген. Жыл санап ауамағы кеңейіп, сол маңдағы тұрғындардың ауласын басып жатыр.
Жабу керек екенін ұлық та, халық та біледі. Бірақ жаңа полигон салу мәселесі бұдан 20 жыл бұрын көтерілген. Тек 2022 жылы ескі полигондағы қоқысты азайту үшін сұрыптау зауыты салынды. Қазір кәсіпорында шыны мен металл, қағаз бен пластик сұрыпталады.
Эколог Дәулет Асановтың пікірінше, сұрыптау зауыты мәселені түбегейлі шешкен жоқ. Сондықтан соңғы технологиямен жұмыс істейтін өңдеу зауыты салыну керек. Ал жаңа полигон экологиялық талапқа сай болуы шарт.
Дәулет Асанов, эколог:
Жаңадан салынатын полигонға жаңадан экологиялық талаптар қою керек. Ол дренаж болмас үшін арнайы экран болуы керек. Жерасты суын ластамайтын. Қазіргі ескі полигон сияқты. Одан кейін бетін міндетті түрде жауып отыру керек, әрі қарай шаңданып ұшпайтындай. Былай көме берсең, мына полигоннан ешқандай айырмасы болмайды.
Жыл сайын қоқыс төбеге 60 мың тоннадан аса қалдық төгіледі. Осы аумаққа жетікізлген жалпы қоқыстың қазір 40 пайызы сұрыпталып өңдеуге өткізіледі. Ал қалған 60 пайызы қайта төгіледі.
Рашид Шерубаев, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:
2022 жылдан бері бұл мәселемен айналысып келеміз. Ең негізгісі қоқысты өңдейтін зауыт салатын инвестормен келісіп жатырмыз. Сосын қанша гектар жер керек екенін және қайда салынатын олар өздері айтады. Соған сәйкес қажетті аумақ бөлінеді.
Облыс басшылығы бұған дейін шетелдік компаниямен меморнадумға қол қойған. Енді ол құжат келісім шарт ретінде жүзеге асса, қоқыс полигонына қатысты қордаланған мәселе біржола шешіледі деген үміт бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы