СҚО-да құсбегілер чемпионаты өтті
Солтүстік Қазақстан облысында республикалық XVII құсбегілер чемпионаты өтті.
Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында өткен сайыс үш кезеңге бөлінді. Қатысушылардың құстармен қарым-қатынасы, төзімділігі мен шеберлігі сынға түсті. Шараның басты мақсаты – ұлттық мұраны насихаттау, құсбегілік дәстүрді сақтау және дамыту. Соңғы жылдары жастардың бұл өнерге қызығушылығы айтарлықтай артып келеді, дейді ұйымдастырушылар. Чемпионат барысында бүркіт, қаршыға, сұңқарлар салу сайыстары өткізілді. Әсіресе кіші жас санатындағы қатысушылардың өнері көрермендерді тәнті етті.
Тастанбек Бергенбай, құсбегі:
Құсбегілікпен айналысу оңай шаруа емес, балаларды алғаш құсқа үйреткен кезде бірінші кіші құстардан бастап үйретеміз. Сол құспен қарым-қатынастарын түзеп, одан кейін шақыртып үйретіп, құстарға тамақ беріп, ет туратып, солай тәрбиелейміз. Бүгінгі күнге жеткен мирас бізге. Енді сол дәстүрімізді қалдырмай, бала-щағаларға үйретіп жатқан жайымыз бар.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16