Экологиялық мәдениет қалдықсыз қоғамнан басталады
Әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдердің барлығы да қалдықсыз өнім шығарады. Сәйкесінше ондай мемлекеттерде тұрмыстық қоқысты сұрыптап оны қайта өңдеу жолы да шешілген. Бұл мәселе біздің елде де тезірек жолға қойылуы тиіс. Ол үшін әрбір азамат қоқыс пен экологияға қатысты көзқарасын өзгерту қажет. Яғни әрбір отбасы тұрмыстық қалдықты шығармас бұрын сұрыптауға тиіс. Қазір ірі мегаполистердің көбінде қоқыстың түріне қарай бөліп тастайтын контейнер қойылған. Бірақ оның көбін тұрғындар ережеге сай пайдалана бермейді. Сондықтан өскемендік эко белсенділер мен «Таза Қазақстан» акциясының ұйымдастырушылары колледж бен жоғарғы оқу орны студенттеріне қалдықсыз орта қалыптастырудың мәнін түсіндірді.
Серікжан Ержанов, қоғамдық ұйым сарапшысы:
Әр нәрсені өзіңнен баста дейді ғой. Өзіміздің жолдастарымызға, достарымызға, артымыздан келе жатқан бауырларымызға үйрету керек дегендей. Бұл әлем өзімізге керек. Қалдықсыз әлем.
«Қоқыссыз әлем» акциясы аясында Петропавл қаласында да еріктілер орталық саябақты тұрмыстық қалдықтан тазартты.
Акцияға 30-дан астам адам қатысты. Шараның басты мақсаты – табиғатты аялау және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар. Жыл басынан бері облыста 300-ден астам сенбілік ұйымдастырылды. Игі шара жыл бойы жалғасын таппақ.
Анастасия Волкова, волонтер:
10 сәуірден бастап жаппай сенбіліктер ұйымдастырылады. Қатысып, қоршаған ортаның тазалығына өз үлесімізді қосамыз. Әрқайсымыздың кішкене әрекетіміз үлкен өзгерістерге әкеледі. Бұл – экологиялық мәдениетімізді арттыруға арналған маңызды қадам.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы