Басты Жаңалықтар Ұлттық қолөнер - ұлттық бренд

Ұлттық қолөнер - ұлттық бренд

Қазір ұлттық қолнер бұйымдары ұлттық брендке айналды. Яғни халық бүгінгінің дизайнымен сәнделген киімді күнделікті тұрмыста да киіп жүр. Ал қыз-келіншектер түрлі алқа-моншақ пен әшекей тағынады. Нәтижесінде осы ұлттық бұйымдарды жасайтын шеберлер мен зергерлерлердің кәсібі жақсы дамып келеді. Ұлыстың ұлы күні шығыстағы күміс күптеп, ағаш шауып жүрген қолөнер иелерінің шеберханасында әріптесім Олжас Керейхан да болып қайтты.

Күрілдетіп күміс пісіріп, одан сырға мен оқа білезік соғатын Оралбек Бекқали шығыстағы санаулы шебердің бірі. Негізгі мамандығы мұғалім. Бірақ атамұра өнерді дамытуды парызы санайды. Ауылдастары «зергердің үйі» атап кеткен шағын шеберханада күміспен күптелген бұйымдар көзің жауын алады. Сұраныс та жоғары.

Оралбек Бекқали, зергер:

Өте мұқият шөгенділікпен әрбір өлшемдерді дұрыс алу керек. Соған байланысты болады. Біріншіден, жұмыс істемес бұрын нобайын саламыз. Нобайды салу барысында мән мағанасын қараймыз.

Арман-мақсатқа жету үшін зергер ерекше төзім керек, дейді. Өйткені күміс қазақ дәстүрінде ерекше бағаланады. Сондықтан әрбір әшекей бұйымды жасаудың қыр-сыры бар.

Оралбектің жары да қолөнер шебері. Сырмақ басып, ши тоқиды. Киізге сурет те салады. Қолөнер иесі енді қыздарына да тігіншілікті үйретіп жүр.

Кәмшат Айтуқызы, қолөнер шебері:

Қолөнерді мектеп бағдарламасына пән ретінде кіргізсе екен деймін. Қолөнер мамандығын, соның ішіде ұлттық қолөнерді көбірек дәріптесе екен дейміз.

Қос саздан қоңыр күйді қоңырлатып тұрған-Жанарбек Қазезұлы. Ол ағаштан ұлттық нақышта бұйым жасауды балалық шағында бастаған. Қазір  домбыраның түр-түрін  жасайды. Шағын ғана Шымқора ауылындағы әр үйдің төрінде ілулі тұр.

Жанарбек Қазезұлы, шебер:

Әр шебердің өзінің құпиялығы бар. Шеберлігі бар. Мен де сол жақсы ағаштардан жасалған қымбат домбырада бар. Колонкаға жалғайтын электронды домбырға дейін жасаймын. Бетіне ою-өрнек сүйектерден салып беремін.

Қолөнерден бұйым жасайтын зергер - шеберлердің мүддесі бір. Ұлттық мұраны ұлықтай отырып, кәсіптерін кеңейтіп шәкірт тәрбилеу. Сонда бұл саланың келешегі кемел болмақ.

Бөлісу