Басты Жаңалықтар Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті

Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті

Қазақстан инвестиция ағынын ұлғайтпақ. Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен кездесті. Бас қосуда экономиканың өнімділігі арттыру, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және жасанды интеллект, қаржыландырудың заманауи құралдарын енгізу сынды стратегиялық мәселелер сөз болды. Олжас Бектеновтың айтуынша, Қазақстанда инвесторлармен өзара іс-қимылдың тұтас архитектурасы құрылып жатыр. Ал Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша директоры Наджи Бенхассин, Қазақстанның тұрақты инвестициялық тартылымдықты сақтау бағытындағы жұмысын оң бағалады. Былтыр Қазақстан 20,5 млрд доллар инвестиция тартты. Басым бағыттардың қатарында көмір химиясы, мұнай-газ химиясы, химия өнеркәсібі, агро-өнеркәсіптік кешен өнімдерін қайта өңдеу, туризм және фармацевтика салалары бар.

Бөлісу