LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
Астаналықтар да бүгін жаңа қоғамдық көлікпен жүрді. Бірі балаларын ертіп келсе, енді бірі суретке түсіп, қуаныштарын бөлісіп жатыр. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы алғашқы жолаушылармен бірге пойызға отырған еді, сол жердегі атмосфераны жеткізсін.
Сүйіндік Асылбеков, ауысым жетекшісі:
Жарты сағаттың ішінде 55 адамдай өтті. Қазіргі таңда жай жүріп көру. Бірінші сезім ғой бұл кісілерде де. Қазақстанда жер үсті LRT-сы болғандықтан бұл барлығына қызық.
Бауыржан Медралы, «Министрліктер үйі» стансасының басшысы:
Барлығының көңіл күйлері жақсы. Біз қазақы күйлермен қарсы алудамыз адамдарды.
Оңғар Алпысбайұлы, Тілші:
Азаматтарымыздың бір стансадан бір стансаға барып-келіп жатқанын өзіміз көрдік. Ендіше өзіміз де жүріп көрелік.
Бұл жерде төлемнің түрлі тәсілі бар. Банк карталары арқылы, LRT-ның арнайы картасы арқылы төлеуге болады. Бір реттін QR арқылы және Face-ID арқылы төлеуге болады. Маған ашылды. Әрі қарай платформаға өтеміз.
Күләнда Бөрібаева, Алматы қаласының тұрғыны:
Керемет, Астанада болғанмын. Бірақ керемет. Ауасы таза. Мақтап жүреді екем. Күн жылыды мен келіп едім.
Оңғар Алпысбайұлы, Тілші:
Бұл бүгін аяқталған үлкен жобаның бірінші кезеңі ғана. Болашақта Жағалау, Астана1 вокзалы, Қосшы қалаларына тармақтар салу жоспарланып отыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10