Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
Абай облысының Аягөз ауданында ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Жас техниктер станциясы» мекемесі толықтай жаңғыртылып, 8 жаңа мамандандырылған кабинет іске қосылды. Енді оқушылар CyberLab, дрон басқару, робототехника, қыш өнері және тігін ісі бағыттары бойынша білімдерін жетілдіріп, инновациялық жобалар жасауға мүмкіндік алады. Заманауи құрылғылармен жабдықталған кабинеттер ауыл балаларының инженерлік және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Берік Уәли, облыс әкімі:
Қазір үйірмелерге 216 оқушы қатысуда. Жаңа бағыттар іске қосылғаннан кейін тағы да 212 бала осы үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алып, 428 оқушы бір мезгілде білім алмақ. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бұл біздің балаларымыздың шабытына шабыт қосып, қанаттандырады деп ойлаймыз.
Жаңартылған орталықтың ашылуымен қатар ауданда алғаш рет «DIGITAL URPAQ: AYAGOZ 2026» технологиялық фестивалі өтті. Шара Жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған. Бағдарламада робототехника жарыстары, дрон сайыстары, шеберлік сабақтары, шығармашылық көрмелер және жас журналистерге арналған медиа-челлендж өтті. Жалпы аталған шаралардың барлығы Абай облысында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Жаңарған ұрпақ»пилоттық жобасы аясында 2025 жылдан бері өтіп келеді. Оның шеңберінде қазіргі Аягөз, Жаңасемей, Мақаншы және Бесқарағай аудандарындағы қосымша білім беру ұйымдары жаңартылып жатыр.
Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы:
4 ауданда жасалып жатқан «Жасампаз ұрпақ» деген жобамыз серіктестермен бірлескен. Жалпы 4 ауданға 521 миллион теңге жұмсалған болатын. 2022 жылдан бастап Абай облысы 15 миллиардқа жуық қаражат бөлініп мына жобалар іске асырылып жатыр. Медицина саласында. Белгіленіп қойған 30 аудандық, ауылдық кітапханалар бар. Біз «Жаңа клуб» деген жобаны бастап кеттік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы