Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
Қызылордада жаңа тұрғын үй кешені ел игілігіне берілді. 600 отбасы Сырдарияның сол жағалауынан үй алып, қоныс тойына кірісті.
Көпқабатты әсем үйлер заман талабына сай салынған. Құрыш қолды құрылысшылар тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық қажеттіліктерді ескерген. Аулада түрлі ойын алаңдары, соның ішінде екі футбол алаңы, автотұрақ, тынығу орындары бар. Аймақ басшысы мен ел ағалары көптің қуанышына ортақтасып, пәтер кілттерін табыстады.
Дайрабай Ысқақов, қоғам қайраткері:
Пәтер аламыз деп келген отбасылардың, оның ішінде балдарымыздың жүзінде күлкі, қуанышында шек жоқ. Бір мезгілде 600 пәтер беру, ел игілігіне табысталды кілті.
Осы кезге дейін баспана тауқыметін көріп келген көпбалалы отбасылар, тұрғын үй кезегінде тұрған жас отбасылар үйлі болып, қуанышқа бөленді. Сырдың сол жағалауы бүгінде келбеті келіскен шаһарға айналып, жаңа қонысқа көшкен тұрғындар дән риза.
Гүлсара Тұяқова, көпбалалы ана:
Бүгін біздің отбасымыз үшін ең қуанышты күн. Керемет үйіміздің іші әдемі, жарық. Бөлмелерінің бәрі әдемі.
Жалпы аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды. Биыл жыл соңына дейін облыс көлемінде 2400 пәтер табысталатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы