Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
Бүгін Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары штабының ұйымдастыруымен қоршаған ортаны қорғаудың тың тәсілдері мен инновациялық технологиялары туралы деректі және көркем фильмдер көрсетілді. Бұл қоғамның әсіресе жастар үшін экологиялық сананы оятуда өте маңызды рөл атқарады-дейді белсенділер. Жастар бастамаларын қолдау орталығында өткен шараға қала мектептері мен колледждерінде оқитын белсенді оқушылар мен студенттер қатысты. Олардың көпшілігі жазғы каникулда «Жасыл ел» жасақтары қатарында қала көшелерінің тазалық жұмыстарына қатысқан. Сондай-ақ бұл жеткіншектер «Таза Қазақстан» акциясына тұрақты түрде қолдау білдіріп келеді.
Арман Ысқақов, ерікті:
Менің ойымша жастар осындай іс шарамен біздің Қазақстанымызды тек қана таза қылмай адамдардың жан дүниесі ашылып, олардың пейілі біздің еліміздің тазалығына бәрібір еместігін дәлелдейді деп ойлаймын. 300-ден аса мекемелер тазартылып Усолка жағажайы тазартылып, ретке келтірілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы