Президент CNMC компаниясының басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады. Кездесуде Президент Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауыты құрылысының басталуын маңызды оқиға деп атап өтті. Бұл жоба Абай облысының экономикасын дамытуға және еліміздің өңдеу өнеркәсібін өркендетуге серпін бермек. Вэнь Ган зауыттың белгіленген мерзімде, озық технологияларды қолдану арқылы салынатынын жеткізді. Сондай-ақ өндірістік және экологиялық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталатынын айтты. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті мамандарды даярлауға басымдық беріледі. Тараптар зауыт құрылысы Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтатынына сенім білдірді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16