Басты Жаңалықтар Президент Бас Прокурорды қабылдады

Президент Бас Прокурорды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Кездесуде еліміздегі қылмыстық ахуал мен прокуратура органдарының жұмысы талқыланды. Бас прокурордың мәліметінше, биылғы 9 айда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 14,6 пайызға азайған.

Сондай-ақ мемлекетке 1,3 триллион теңгенің активтері қайтарылды. Бұл қаражат есебінен 466 әлеуметтік нысан қайта жөндеуден өтті, кейбірі жаңадан салынды. Қазіргі уақытта оның 378-і толығымен аяқталған. Бұдан бөлек, 200 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Еңбекақы бойынша 2,5 миллиард теңге, алимент бойынша 8 миллиардқа жуық берешек өндірілді. Кездесу соңында Президент заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және прокуратура қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу