Басты Жаңалықтар Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады

Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады

Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады

Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты.

«Тау-кен металлургиясы мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызы зор сала екені белгілі. Мен былтыр халыққа Жолдауымда осы мәселеге арнайы тоқталдым, нақты міндеттерді айқындадым. Сондықтан жаңа зауыттың құрылысын осы бағытта істеліп жатқан белсенді жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның көптеген пайдалы қазбаларға ие мемлекет ретінде осы табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға барлық күш-жігерін салып жатқанына назар аударды.

«Бүгін де бәріміз тағы бір өндірістің басталуына куә болып отырмыз. Бұл – ел экономикасына серпін беретін маңызды оқиға. Жаңа кәсіпорын жылына 300 мың катодты мыс шығарады. Бұл ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Осы зауыт іске қосылған соң Қазақстан жоғары сапалы тазартылған мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады. Бұдан бөлек, аталған кәсіпорында алтын және күкірт қышқылы өндірілмек, – деді ол.


photo_2026-10-20_17-40-02.jpg

photo_2026-10-20_17-40-05.jpg

photo_2026-10-20_17-40-10.jpg




Бөлісу