Басты Жаңалықтар Мәслихат депутаттарының форумы: Қазақстан экономикасы аса ірі 50 елдің қатарында

Мәслихат депутаттарының форумы: Қазақстан экономикасы аса ірі 50 елдің қатарында

Былтыр Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 306 миллиард доллар болды. Бұл - ТМД елдері арасындағы екінші орын, ал осы аймақтағы елдер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Кеше мәслихат депутаттарының республикалық форумында Мемлекет басшысы осылай деді.

Әлемдегі экономикасы аса ірі 50 елдің қатарына қосылдық. Беделді халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының болжамына сәйкес биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 320 миллиард долларға жетеді. Шетелден тартылған таза инвестиция көлемі бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр, яғни 150 миллиард доллардан астам қаражат тартылды. Бұл - өңірдегі тікелей шетел инвестициясының 69 пайызы деген сөз. Еліміздің алтын-валюта қоры - 74 миллиард долларға, ал жалпы жинақталған қор 139 миллиард долларға жетті. Бір сөзбен, ұлттық экономикамыз тұрақты түрде өсіп келеді.


Бөлісу