Басты Жаңалықтар Астанада жаңа конституция жобасы партиялар бәсекесін арттыруы мүмкін

Астанада жаңа конституция жобасы партиялар бәсекесін арттыруы мүмкін

Жаңа Конституция қабылданса партиялар арасындағы бәсекелестік артуы мүмкін. Еуразиялық интеграция институты «Ашық саясат» клубының сарапшылары осылай дейді.

Мамандардың айтуынша, Құрылтаймен бірге «Қазақстанның халық кеңесінің» құрылуы саяси алаңды өзгертеді. Өйткені, кеңестің 42 өкілі аймақтардағы мәслихаттардан тағайындалады. Ал, бүгінге дейін ешбір аймақта белгілі бір партия мәслихат қалалық бюджет бекітіп жатыр екен, біз басқа нұсқа жасадық немесе мәслихат ұсынған бағдарламаға біз келіспейміз дегендей өздері ұсыныс жасаған емес. Ал, Халық кеңесіне аймақтардан мүше болған азаматтар сол мәселені енді республикалық деңгейде көтеруі мүмкін. Осы тұста партиялар да өзінің институционалдық рөлін күшейту үшін бұрынғыдан белсенді жұмыс істеуге тырысады.

Дінмұхаммед Ғали – Қолданбалы этносаяси зерттеу институты директорының орынбасары:

Халық кеңесі мұндай біз қарайтын болсақ, бұл үлкен бұрын соңды болмаған өзгерістер. Бұл тек қана өлкедегі болып жатқан өзгерістерді енгізуге мүмкіндік туады. Бұл дегеніміз үлкен мысалы саяси архитектураның өзгеруіне үлкен септігін тигізеді. 



Бөлісу