Басты Жаңалықтар Қайғыдан қаралым жинау – адамгершілікке жат қылық

Қайғыдан қаралым жинау – адамгершілікке жат қылық

Суға батқан сарбаздар бейнесін қолдан құрастыру арқылы қаралым жинап, контент жасау – адамгершілік этикаға жат. Осылай деген ел зиялылары қайғылы жағдайды желіге жүктеп, сүйіншілеу ерсі қылық екенін айтты.

Серік Елікбай, Қазақстан жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы:

Мемлекет шамасы жеткенше Президенттен бастап көмектесіп жатқандығы анық. Қайғы ортақ. Өйткені азамат ортақ. Осындай қиын сәттерде әр түрлі ойлар да болуы мүмкін. Мүмкін ашумен де айтылып жатқан шығар. Бірақ ашудың артында сабыр дейтін дүние бар екенін айтқым келеді.

Тұрсынбек Сұлтанбеков, ақын:

Мына қаралы жағдайдан қаралым жинап жатқандарды көріп отырмыз. Жасанды интеллектінің көмегімен марқұмдардың бет-бейнесін оңды-солды пайдаланып, бұндай дүниелерді мүмкіндігінше таратпаған дұрыс. Өйткені оның артында қайғыдан қара жамылып отырған отбасы, жақын туыстары, тұтас қалың елі тұрған кезде бұл ауыр тиеді. Соны ескерген абзал деп ойлаймын.


Бөлісу