Жел электр станциясы салынады
Ақтөбе облысында қуаты 100 мегаваттық жел электр станциясы салынады. Инвестициялық жобаның құны 100 млн АҚШ доллары.
Италиялық компания бұған дейін Қарғалы ауданында Бадамша-1 және Бадамша-2 жел энергиясы жобасын жүзеге асырған еді. Бұл станциялар 2020-2021 жылдары қолданысқа берілді. Ал жаңа нысанның құрылысы келесі жылы басталып, 2028 жылы аяқталуы тиіс. Қазір мың гектар жер бөлініп, дайындық жұмыстары басталып кетті. Өңір басшысы компания өкілдерімен кездесіп, қажетті инфрақұрылымды дамыту және жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асыру жолдарын талқылады.
Федерико Пульезе, Plenitude Kazakhstan компаниясының бас директоры:
Ақтөбе облысындағы қуаты 96 МВт «Бадамша» жел электр стансасы – Қазақстандағы өнеркәсіптік ауқымдағы бірегей жоба. Жаңартылған энергия көздерінен жыл сайын шамамен 400 ГВт-сағат электр энергиясы өндіріледі. Мұндай нәтижеге Ақтөбе облысы әкімдігінің тиімді әрі дер кезінде көрсеткен қолдауының арқасында қол жеткіздік. Біз алдағы уақытта да Қазақстандағы осындай ірі жобаларды қолдауға әзірміз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:58
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:45
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:20
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:17
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:15
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:12
Қайғыдан қаралым жинау – адамгершілікке жат қылық
25.09.2026, 20:08
Дипломатиялық өкілдіктерде ту төмен түсірілді
25.09.2026, 20:07