Қаржылай көмекті жинайтын бірыңғай оператор белгіленді
Қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына мемлекет тарапынан психологиялық және материалдық көмек көрсетіліп жатыр.Қайғылы оқиғадан зардап шеккен бірде-бір азамат назардан тыс қалмайды. Еліміздегі саяси партиялар да үн қосып жатыр.
Каспий жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Қазақстан Халық Кеңесінің 17 мүшесі 815 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Кеңес хатшылығының мәліметінше, қаражат тікелей марқұмдардың отбасыларына беріледі. Қайтыс болған әскерилердің жанұясына Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді.
«Әділет» партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері 1,5 млрд теңге бөледі
«Әділет» партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 млрд теңге аударады. Бұл жөнінде партияның Telegram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Жиналған қаржы қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін «Ұлттық рух» қорына аударылады.
«RESPUBLICA» париясы 100 млн теңге аударады
Respublica партиясы 100 млн теңге бөлетінін хабарлады. Қос партияның мүшелері қаза тапқан сарбаздардың
етжақындарына қайғыра көңіл айтып,
зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Болат Өтемұратов қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларының әрқайсысына 25 мллн теңгеден бөлетінін жеткізді.
Қаржылай көмекті жинайтын бірыңғай оператор белгіленді
Қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көмек көрсету үшін арнайы бірыңғай оператор белгіленді. «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі қаржыны жинайды. Әкімдік көмек көрсеткісі келетін азаматтар мен ұйымдарды алаяқтардан сақ болуға, ақшаны тек экранда көрсетілген ресми реквизитке аударуға шақырады. Маңғыстау облысының әкімдігі қордағы қаржы құқық қорғау органдарының жіті бақылауында болатынын мәлімдеді. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына психологиялық және материалдық тұрғыдан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қайғылы жағдайдан зардап шеккен азаматтардың ешқайсысы мемлекет назарынан тыс қалмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы