Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары

Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары

Президент форум аясында бірқатар кездесу өткізді. Ірі компания басшыларымен ынтымақтастық перспективаларын талқылап, Қазақстан тарапы инвестиця құям дегендерге барынша қолдау жасауға дайын екенін жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті. Тараптар инвестициялық форумды жыл сайын өткізуді қолдады. Ынтымақтастықтың перспективті бағыттары ретінде жасанды интеллект, цифрлық технология, қаржы және өнеркәсіптік кооперация аталды.

Жасанды интеллект пен атом энергетикасын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылмақ

Одан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың бірқатар ірі компания жетекшілерімен кездесті. VNET Group Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтары мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға қатысуға ниетті. Ал Shanghai Junhe Atomic Technology компаниясымен бейбіт атом энергетикасы және шағын модульді реакторлар бағытындағы ынтымақтастық талқыланды.

Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік биотехнологияның жаңа бағыты қалыптасады

Ал Fufeng Group басшысы Ли Сюэчуньмен кездесу кезінде Мемлекет басшысы өңірдегі ауқымды жобаның іске қосылуын атап өтті. Компания қазақстандық шаруалардан жүгері сатып алуды, мамандар даярлауды және кәсіпорын базасында ғылыми-зерттеу орталығын құруды жоспарлап отыр.

Алматы облысындағы Көлжат кен орны кешенді түрде игерілуі мүмкін
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Xinfa Group президенті Чжан Көлжат кен орнында жартылай кокс, сутегі, синтез-газ және мұнай өнімдерін өндіретін толық өндірістік тізбек құру мүмкіндігін қарастырды. Жоба іске асса, 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін.

Электронды сауда мен халықаралық логистикаға арналған жаңа хаб құрылады

Одан соң Президент YTO Express және Pinduoduo өкілдерімен кездесті. Негізгі жобалардың бірі – Almaty SkyHub көлік-логистика хабын іске қосу. Ал «Қазпошта» мен YTO Express бірлескен кәсіпорны осы уақытқа дейін 12,5 миллион сәлемдеме жөнелткен.

UBTECH Қазақстанда робот шығаратын кәсіпорын ашпақ

Тоқаев UBTECH Robotics аға вице-президенті Чжун Юн Алматыда білім беру және қызмет көрсету салаларына арналған роботтар шығаратын зауыт ашу жоспары бар екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы қолдады. Бұл – UBTECH-тің Қытайдан тысқары жердегі алғашқы өндіріс орны болмақ.


Бөлісу