Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Италиядан сүйінші жаңалық! Жерлесіміз Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Жеңістің куәсі болған әріптесім Азат Қадырбек бізбен Тезеродан байланысқа шықты.
Азат Қадырбек, тілші:
Жарыс 3 кезеңнен тұрды. Пара шаңғы жарысының 1500 метрлік классикалық спринт санатында алдымен іріктеу, артынша жартылай финалда үздік алтылық анықталды. Жүлделер сарапқа салынған финалдық сында орталық сөреден алға жүйткіген жерлесіміз әсіресе бұрылыстарда шебер қимылдады, жылдамдығын жоғалтпады. Финалдық алтылық тауды еңсеріп мәреге жақындағанда қарсыластары да қамшыға салды. Бірақ Ербол ерледі. Мәреге үшінші келді. Және қоржынындағы әлем кубогы кезеңдеріндегі жүлделер мен «Гаухар глобустың» қатарына енді Паралимпиада қоласын қосты. Хамитовтың уақыт көрсеткіші 2 минут 29 секунд. Бізге берген сұхбатында «Бұл менің асқақ арманым еді» деді. Қытайлық пара шаңғышы бұл қашықтықтың жеңімпазы атанса, Бразилия құрамасының өкілі күміспен күптелді. Бүгінгі жарыс күнінде Юрий Березин, Анна Грачова, Нұрлан Әлімов және Владислав Кобаль да өнер көрсетті. Ертең Ұлттық құрама спортшылары бәсекенің дәл осы түрінде, 10 шақырымдық қашықтықта жарыс жолына шығады. Бүгінге мендегі ақпарат осы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:20
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:19
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:17
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:15
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:12
Қайғыдан қаралым жинау – адамгершілікке жат қылық
25.09.2026, 20:08
Дипломатиялық өкілдіктерде ту төмен түсірілді
25.09.2026, 20:07
Қаржылай көмекті жинайтын бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 20:04